Дүниежүзілік балалар күніне арналған республикалық онкүндік аясында
Юрий Гагарин атындағы негізгі мектебінде 17–25 қараша аралығында Дүниежүзілік балалар күніне арналған республикалық онкүндік аясында «Менің құқықтарым» тақырыбында 7-сынып оқушылары эссе жазды. Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, бала құқықтары туралы түсінік қалыптастыру, заңды құрметтеуге тәрбиелеу және азаматтық ұстанымдарын дамыту. ✍️ Эссе жазу барысында оқушылар өз құқықтары туралы білгендерін терең түсініп, өмірмен байланыстыра отырып ойларын жеткізді.