04
ноябрь
2025
«Қысқа мерзімді жоспар және оның құрылымы» тақырыбында ақпараттық сессия өткізілді
Күзгі демалыс күндеріне арналған жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылдың 28 қазан күні педагогтерге қысқа мерзімді жоспар мен оның құрылымына, Блум таксономиясына сабақ жоспарын салу маңыздылығын ұғындыру, бағалау критерийлері, дескрипторларды құру арқылы іс-тәжірибеде қолдануға көмектесу мақсатында «Қысқа мерзімді жоспар және оның құрылымы» тақырыбында ақпараттық сессия өткізілді.
Сессия барысында білім беру бағдарламасы маңызды үш құжат: бағдарлама, ұзақ мерзімді жоспар, орта және қысқа мерзімді жоспардан тұратындығына да тоқталды. ҰМЖ мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде пән бойынша оқу бағдарламасы құрылатындығы, ол білім беру деңгейі бойынша барлық сыныптардағы пән тарауларын белгілеп, олардың жалпы ережелерін анықтайтындығы да назардан тыс қалмады. ҰМЖ – бұл оқу бағдарламасының жалғасы, онда пәннің негізгі мазмұны нақтыланады. Орта мерзімді жоспар – ол белгілі тақырыпқа сай тізбектелген сабақтар жоспары, яғни, сол тақырыпқа тән бөлінген сағаттардың жұмыс сызбасы. Бұл жоспарды мұғалім жеке сынып үшін пайдаланады. Оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеуді қамтамасыз ету – қысқа мерзімді жоспарда жоспарланатындығын баса айтты. Мақсат қоя білу, міндеттерді белгілеу, күтілетін нәтиже, ресрстарды қолдану, сабақтың барысы, мұғалімнің іс-әрекеті, оқушының іс-әрекеті, бағалау және рефлексия бөлімдері бойынша мұғалімнің жұмысын бағалау ұсынылады. Сабақтың басты міндеті — оқу мақсатын жүзеге асыру болғандықтан, сабақ жоспары толығымен оқу мақсаттарынан туындайтындығын да айтты.