"Информатика сабағында жасанды интеллекті қолдану жолдары" тақырыбында жас мамандармен тәжірибе алмасу тренингін » сш.им.Гагарина
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740439
Кадрлар бөлімі:
+7(726) 3740439
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Информатика сабағында жасанды интеллекті қолдану жолдары" тақырыбында жас мамандармен тәжірибе алмасу тренингін
08
январь
2025

"Информатика сабағында жасанды интеллекті қолдану жолдары" тақырыбында жас мамандармен тәжірибе алмасу тренингін

ДӘІЖО әдістемелік жоспарына сәйкес оқыту мен оқуда жасанды интеллект қолдану арқылы, оқушылардың сабаққа зейінін арттыру мақсатында "Информатика сабағында жасанды интеллекті қолдану жолдары" тақырыбында жас мамандармен тәжірибе алмасу тренингін өткізді. Бүгінгі таңда жасанды интеллект білім беру саласына үлкен ықпал етуде. Ол оқыту процесін өзгертіп, білім берудің әдіс-тәсілдерін жаңартып, оқушыларға жаңа мүмкіндіктер ұсынады. Жасанды интеллект қазіргі заманғы білім беру жүйесінің маңызды құрамдас бөлігіне айналып келеді, оқыту процесін автоматтандыруға мүмкіндік береді, бұл мұғалімдердің жұмысын жеңілдетіп, оқу сапасын жақсартады. Оның негізгі артықшылықтарының бірі – оқушыларға нақты уақыттағы кері байланыс беру мүмкіндігі. Бұл оқушылардың өз білімін тексеруге және түзетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жасанды интеллектті пайдалану оқыту әдісін дараландыруға жол ашады, яғни әрбір оқушының қабілеттеріне сәйкес оқыту бағдарламалары мен тапсырмалары жасалады.
Тренингте интерактивті оқытудың негізгі принциптері мен әдіс-тәсілдері қарастырылды. Мұғалімдер ЖИ құралдарын пайдаланып, оқушыларды қызықты әрі тиімді оқу процесіне тартуды, оқу материалдарын визуализациялау, ойындар мен симуляцияларды пайдалану арқылы оқытудың сапасын арттыру жолдары көрсетілді. Бұл тренинг мұғалімдер үшін үлкен тәжірибе болды, себебі олар жаңа технологиялармен танысып, оларды өз сабақтарында қолдану тәсілдерін меңгерді. ДӘІЖО Г.Сармашева жасанды интеллекттің білім беру саласындағы мүмкіндіктері өте кең және оның оқу процесіндегі қолданылуы оқушылардың білімін жақсартуға, оқытудың тиімділігін арттыруға және мұғалімдердің жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік беретіндігіне тоқталды.



 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив