«Оқыту мен оқу үдерісіне сабақты зерттеу (Lesson Study) тәсілін енгізу» мектепішілік теориялық семинары өткізілді.
Сындарлы оқытуды оқу үрдісіне тиімді қолдану және жетілдіру мақсатында мектептің жұмыс жоспарына сәйкес пән мұғалімдеріне арналған «Оқыту мен оқу үдерісіне сабақты зерттеу (Lesson Study) тәсілін енгізу» мектепішілік теориялық семинары өткізілді.
Семинардың мақсаты: оқытуды жақсартудың үдерісі ретінде Сабақты зерттеу тәсілдерінің негізгі идеяларын аша түсу, “оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру, оқушылардың оқу үлгерімін арттыру”

ДӘІЖО Г.Сармашева жиналғандарды мектеп директорының «Оқыту мен оқу үдерісіне сабақты зерттеу (Lesson Study ) тәсілін енгізу туралы» №3 бұйрығының негізінде Оқыту мен оқу үдерісіне сабақты зерттеу (Lesson Study) тәсілін енгізу, оқушылардың оқу үдерісін зерделей отырып, бірлесіп жұмыс істеуге дағдыландыру және оқу сапасын арттыру үшін 2 жұмыс тобы құрылғандығын айтты.
Bilimland және Kundelik kz платформасының толтырылуы мен жүргізілуі
жайында ДАІЖО Б.Нурпеисов өз сөзінде нақты айтып өтті.