Жас мамандар мектебінің жетекшісі, педагогтермен дөңгелек үстел өткізді. » сш.им.Гагарина
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740439
Кадрлар бөлімі:
+7(726) 3740439
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жас мамандар мектебінің жетекшісі, педагогтермен дөңгелек үстел өткізді.
05
январь
2024

Жас мамандар мектебінің жетекшісі, педагогтермен дөңгелек үстел өткізді.

        Жас мамандар мектебінің жетекшісі, тәлімгер К.Козбакова педагогтермен дөңгелек үстел өткізді. Жас маманмен жұмыс – жас маманның кәсіби және тұлғалық дамуының қайнар көзі болғандықтан, білім беру үдерісіндегі маңызды жұмыстардың бірі. Білім беру міндеті білім сапасын көтеру. Педагог алға қойған мақсатқа жету үшін үнемі шығармашылықпен жұмыс жасап, педагогикалық құзыреттілігін дамытып отыруы қажет.
        Мұғалім болып мектеп табалдырығын аттағаннан бастап өмір бойы білім алу, өмір бойы үйрену бұрынғыдан артпаса, кемімейді. Соның ішінде әріптестеріңнен үйрену, тәжірибе арқылы үйрену мықты құралы. Жас маман болып мектебімізге келген мұғалімдерімізге педагогикалық та, психологиялық та, әдістемелік те қолдау көрсету ұжымның ішіндегі тәжірибелі ұстаздарға жүктелген аса жауапты міндет.
         Биылғы оқу жылында мектебімізде он жас маман жұмыс істейді.
         Егер жаңа келген буынды жақсылап педагогикалық тұрғыдан қаруландырмаса, болашаққа балта шабылатыны ақиқат.
         Мұғалім – мұғалім сабақтастығы барысында жас мамандардың тұлғалық ерекшелік қасиеттерімен бірге ұстаз ретіндегі педагогикалық ұстанымдары мен біліктілік, білімділік, шығармашылық шеберліктерінің артуы мен жан – жақты дамуына көмек қолдарын созуымен қатар, дамуына да көмекпен үлестерін тигізіп келеді. Олардың ұстаз тұлғасы ретінде қалыптасуы және бар тәжірибесінің іс жүзінде іске асырылуы үшін жан – жақты жағдай қарастырылған. Мұндай педагогикалық өсу үшін тәжірибелі ұстаздар тарапынан әдістемелік көмек қажет. «Ұстаз – жас маман» арасындағы қарым-қатынас әріптестік бағытта қарастырылған. Жас мамандармен ұлағатты ұстаз арасындағы сабақтастық мектебіміздің жыл бойына қаланып келе жатқан дәстүрін жалғастыру мақсатында көп көмек беріп келе жатыр. Біршама педагогтардың жоғары сапалы сабақтары, білім сапасының жоғарылауы, пәнге деген, мектепке деген қызығушылықтың артуы жұмыстың жүйелі түрде жүргізіліп келе жатқанының кепілі.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив