14
ноябрь
2019
«Ағылшын тілі пәнін оқытуда қалыптастырушы бағалау үдерісінде кері байланыстың маңыздылығы» тақырыбында ағылшын тілі пән мұғалімдерінің аудандық семинар-практикумы
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес Юрий Гагарин атындағы орта мектебінде «Ағылшын тілі пәнін оқытуда қалыптастырушы бағалау үдерісінде кері байланыстың маңыздылығы» тақырыбында ағылшын тілі пән мұғалімдерінің аудандық семинар-практикумы өткізілді. Директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Г.Сармашева қатысушыларды семинар-практикумның жұмысының тәртібімен таныстырды. Семинар барысында ағылшын тілі пән мұғалімдері Б.Кеукембаева, Г.Жалимбетова, А.Дидарбекова, Е.Абдрахманова, А.Абишева өз тәжірибесімен бөліссе, жас мамандар Р.Утегенова мен С.Жаксыбек сыныптан тыс іс-шара өткізді. Мектеп психологы Н.Арзыкулова семинарға қатысушылармен тренинг өткізіп, көңіл-күйлерін сергіте білді. Білім бөлімінің әдіскері Н.Ж.Кулмуханбетова семинар жұмысына өз бағасын беріп, қорытындылады.








