«Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес 14 қараша күні сағат 11.00-де жалпыхалықтық диктант
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 22.10.2018 жылғы №02-5733 хатына орай Қазақстан Республикасы Президентінің 19.02. 2018 жылғы №637 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 13.03.2018 жылғы №27 өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес 14 қараша күні сағат 11.00-де жалпыхалықтық диктант өткізілді.
Мақсаты: латын негізді қазақ тілі әліпбиінің, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасының практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту, нақтылай түсу, өзін-өзі бағалау, бейімделу.
Іс-шара алдында ДӘІЖО Г.Сармашева оқушылар, педагог және кіші қызметкерлерді жазу тәртібімен таныстырып, арнайы жазу парақтарын таратты.
Диктант жазуға барлығы 199 адам қамтылса, оның ішінде мектеп оқушылары-110 оқушы, педагог қызметкерлер-77, кіші қызметкерлер-12 қатысты.
Диктант қорытындысына тоқталсақ:
педагог қызметкердің 29-ы «өте жақсы», 32-і «жақсы», «қанағаттанарлық» деңгейде -16 болса, (79,2% білім сапасы), оқушылар тарапынан 50-«өте жақсы», 35-«жақсы», 25-«қанағаттанарлық» (77%), кіші қызметкерлердің 3-і «өте жақсы», 5-«жақсы» 4-«қанағаттанарлық» (67%) көрсетті.
