05
январь
2025
«Кітап оқу жылы»
Құрметті ұстаздар!
Жамбыл облысының әкімі Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеевтің тапсырмасымен 2025 жыл «Кітап оқу жылы» деп жарияланғаны белгілі. Осыған орай, «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы бастау алды. Игі бастамаға орай, оқушыларды кітап оқуға баулып, рухани тәрбиені ұлттық негізде дамыту – біздің басты мақсатымыз. «Кітап – адамның ой-өрісін кеңейтіп, рухани байытатын ең құнды құрал, оны ешбір ақпарат көзі алмастыра алмайды», «Оқуға құштар мектеп» жобасы,Балалар кітапханасы бағдарламасы аясында кітапханамыз 881 дана көркем әдеби кітаптармен және балалар әдебиеттерімен толықтырылды.Адамзаттың рухани азығы болған, кітап оқуға шақырамыз!