«Оқуға құштар мектеп» және Тәуелсіздігіміздің-30 жылдығына орай балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мерекелік кеш өткізілді
Юрий Гагарин атындағы орта мектеп кітапханашылары Алтынай Аруынова мен Гүлжан Сыздықованың ұйымдастыруымен, «Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында «Оқуға құштар мектеп» және Тәуелсіздігіміздің-30 жылдығына орай балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында 23-сәуір Дүниежүзілік кітап күніне «Кітапхана – білімнің күншуағы» атты және «Бір түлектен-бір кітап» «Жомарт түлек-2021» акциясына арналған мерекелік кеш өткізілді.
Шара 2-бөлімнен құрылды.
Шараның ашылуы мектебіміздің түлегі Орынбаева Раушан ұйымдастырған «Кербез» бишілер тобының биімен басталды.
Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтың сөзімен айтқанда, «Кітап – әр адамның өмірлік досы». Олай болса кітапты өзіне сенімді дос еткен, кітапханамыздың жанашыр оқырмандарына кезек беріліп,
1. 3-сынып оқушысы Есетова Диана
2. 4-сынып оқушысы Әбдікәрім Жәнібек
3. 3-сынып оқушысы Уразмат Сүндет мәнерлеп өлең оқыса,мектебіміздің музыка пәнінің мұғалімі Шырақбаев Жәнібек Құрманғазының «Балбырауын» күйін нақышына келтіріп орындап берді.
7а сынып оқушысы Чангитбай Толғанай «Мереке» әнін, 7а-сынып оқушылары Дәуірбек пен Назерке «Мектеп» әнін,
Руxани азық-сарқылмас қазына , адамның бұл дүниедегі сан қилы мәселелердің бірден бір оңай шешу жолы,ол адамның ішкі руxани дүниесінің тыныштығында, сондықтаан әдеби кітапты оқи отыра,өз бойымызға сіңдіріп келеміз деп, 6ә сыныбының Қыздар тобының орындауында «Тәуелсіз қазақтың қызымын» әнін орындап берді.
Уақыт өзгертсе де мағынасын,
Жаңа ғасыр дамыса да құйын –жасын.
Кітапхана сақтаушы боп қала берер,
Ұлтымыздың мәдени қазынасын. – дей келе шараның 2-бөліміне кезек берілді.
«Кітапханаға-кітап сыйла» акциясы
Кітапханаға сыйлайтын кітаптарды табыс ету рәсімі:
Ең алдымен мектебіміздің директоры А.Қ.Кайпулдаев сөз алып келген түлектерді құттықтап,өз атынан кітаптар сыйлады.
Мектеп бітіргендеріне 10-жыл болған түлектер мерекелік кешке қатысып,тілектерін айтып балаларға арналған әдебиеттер,ертегілер сыйлады.Акцияға мұғалімдер мен 1-11 сынып оқушылары атсалысты.Нәтижесінде 80-кітап сыйлыққа түсті. «Жомарт түлек 2021» шарасы жалғасып мектеп бітіргендеріне 5-жыл болған түлектер кітапханаға келіп балаларға арналған 15-кітап сыйға тартты.



