26
ноябрь
2019
АСЫҚ АТУДАН ЖАРЫСТЫ
Ұлттық спорт түрлерін дамыту және салауатты өмір салтын мектеп оқушылары арасында насихаттауды мақсат тұтқан балалар шығармашылығы және тәрбие орталығының «Алтын сақа» ұлттық ойындар үйірмесінің жетекшісі Аманай Кеңесбаевтың ұйымдастыруымен «Асық атудан» аудандық жарыс өз мәресіне жетті.
Аудан орталығындағы Ю.Гагарин орта мектебінде өткізілген аталмыш жарыс еліміздің Гимнімен ашылған соң, балалар шығармашылығы және тәрбие орталығының директоры Еркін Сайлауұлы мен Ю.Гагарин орта мектебінің директоры Арыстан Кайпулдаев жасөспірімдерді асық ату арқылы спортпен шұғылдануға тарту, олардың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру жөнінде сөз сөйлеп, спортшыларға жеңіс пен сәттілік тіледі.
Асық ату федерациясының президенті Мұхтар Түктеевтің төрағалығымен өткен спорттық жарыста ережеге сәйкес қатысушы 16 мектептен үш ұл баладан қатысып, бес минуттық екі кезең бойынша сынға түсті.
Қызықты да тартысқа толы өткен мергендер бәсекесінде балалар шығармашылығы және тәрбие орталығы, Н.Киікбаев, Сарыкемер мектеп-гимназиялары, №2, №5, Абай, С.Абланов, Ю.Гагарин, А.Пушкин, Жамбыл, Қостөбе, Көктал, М.Әуезов, Ш,Уәлиханов атындағы орта мектептерден келген спортшылар арасынан үздіктер анықталды.
Нәтижесінде төрешілер алқасының шешімдері бойынша бірінші орын Көктал орта мектебінің спортшыларына берілсе, жүлделі екінші орын М.Әуезов, ал, үшінші орын Ш.Уәлиханов орта мектебінің командасына бұйырды.
Жарыс жеңімпаздары медальдар және Грамоталармен, қалған команда ойыншылары арасынан шеберліктерімен танылған спортшылар "Үздік ойыншы" Дипломдарымен марапатталды.